Трамп экономиканы ынталындыру бюджетін бекітті

633

Ақ үй басшысы ел тұрғындарына 600 доллардан көбірек қаржы үлестірілуі керек деп мәлімдеген еді. 

Трамп экономиканы ынталындыру бюджетін бекітті

АҚШ президенті Дональд Трамп 2021 жылға арналған бюджет пен экономиканы ынталандыруға бағытталған 900 млрд доллар көлеміндегі қаражатты бекітті.

Бұған дейін құжатқа Құрама Штаттар Сенаты мен өкілдер палатасы қол қойған еді. 

Ақ үй, Республикалық және Демократиялық партияларының қос палатадағы өкілдері ақыры экономикалық көмектің көлеміне қатысты ортақ шешімге келді. Бұл қаражат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге, әр жеке тұлғаға (ересектер мен балалар) 600 доллардан үлестіруге, экономиканың бірқатар саласын, білім беру жүйесін, шағын бизнесті қаржыландыруға бағытталады. Трамп ел тұрғындарына 600 доллардан көбірек қаржы берілуі керек деп мәлімдеген еді, бірақ ақыры осы бюджетті мақұлдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу