Трамп есімі әуежайға да, түрмеге де атау ретінде ұсынылды

Мұндай ұсынысты АҚШ конгресінің республикашылдары жасаған. 

Трамп есімі әуежайға да, түрмеге де атау ретінде ұсынылды Фото: РБК

Олардың сөзінше, Дональд Трамптың арқасында Америка алтын дәуіріге аяқ басқан, деп жазады деп inbusiness.kz сайты.

23 қаңтарда Солтүстік Каролина өкілі Эддисон Макдауэлл HR 691 заң жобасын ұсынған еді. Онда Солтүстік Вирджиниядағы Даллес халықаралық әуежайын "Дональд Дж. Трамп халықаралық әуежайы" деп атау да қарастырылған.

Эддисонның мәлімдеуінше, бұл шешім Арлингтондағы Вашингтон ұлттық әуежайының АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейганның есімімен аталғанына параллельді қадам саналмақ.

– Біз Президент Трамптың арқасында Американың алтын дәуіріне кірдік. Ел астанасына қызмет ететін екі әуежайды ұлы елімізге қызмет еткен ең жақсы екі президенттің атымен атаған дұрыс, – деді ол.

2024 жылғы көп келіспеушіліктерден соң заң жобасының биыл мақұлдану көрсеткіші жоғары. Себебі, республикашылдар конгрестің екі палатасын да бақылай алады.

Десе де, Даллес әуежайы орналасқан округтің өкілі саналатын демократиялық конгресмендер көлік желісі мен аймақтың экономикасының маңызды құрамдас бөлігіне адам есімін беру перспективасына әлі де үзілді-кесілді қарсы. 

– Республикашылдар алғаш рет Даллес әуежайын Дональд Трамптың атымен атауға тырысқанда, мен оданда Мар-а-Лагоға жақын федералды түрмеге оның есімін берген жақсы болар еді дедім. Әлі күнге дейін біздің бірінші сотталған қылмыскер Президентімізге лайықты құрмет туралы ойлана алмаймын, – деді конгресмен Джерри Коннолли. 

Еске салайық, 1962 жылы ашылған Даллес халықаралық әуежайы қырғи қабақ соғыс кезінде АҚШ-тың сыртқы саясатын орнатуға атсалысқан президент Дуайт Эйзенхауэрдің Мемлекеттік хатшысы Джон Фостер Даллестің есімімен аталды. Оның ресми атауы 1982 жылы Вашингтон Даллес халықаралық әуежайы болып өзгертілген. Басты себеп, саяхатшылар әуежай Техас штатының Даллас қаласында деп шатасуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу