АҚШ Президенті Дональд Трамп Еуроодақтан келетін көліктер мен тауарларға 25%-дық баж салығын енгізетіні мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл шаралар жуырда күшіне енеді деп күтіліп отыр.
Трамптың сөзінше, Еуроодақ елдері АҚШ-тың автокөлік өнеркәсібіне әділетсіздік танытуда. Олар АҚШ-тың көліктері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алмай, өз тауарларын бесенді түрде өткізіп жатыр, дейді ол.
"Біз шешім қабылдадық, жақында оны жариялаймыз. Баж салығы 25% болады. Бұл көліктер мен басқа да барлық тауарларға қатысты болады", – деді Ақ үй басшысы.
Бұл ретте Еуроодақ елдері қарымта тариф енгізетінін жеткізді.
Осыған дейін Вашингтон Қытай, Канада және Мексика тауарларына да баж салығын енгізген еді.