Трамп Еуропадағы жел генераторлары мен көші-қон саясатын сынға алды

158

АҚШ президенті Дональд Трамп Шотландияға келген сапарында Еуропаға төніп тұрған екі басты қатерге – жел электр станциялары мен миграция назар аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Трамп Еуропадағы жел генераторлары мен көші-қон саясатын сынға алды Фото: acquelyn Martin/AP Photo/picture alliance

2025 жылғы 25 шілде, жұма күні кешке Глазго Прествик әуежайына қонғаннан кейін сөйлеген сөзінде Трамп Еуропа елдерін жел генераторларынан бас тартуға және көші-қонды шектеуге шақырды.

– Еуропа аспанында ұшып келе жатып, айналаңыздағы әсем алқаптар мен аңғарларды көрмек түгілі, әр бұрыштан бой көтерген жел генераторларына көзің түседі. Олар табиғи көріністерді бүлдіріп қана қоймай, құстарды да қырып жатыр, – деді Трамп.

Оның айтуынша, мұндай құрылғылар теңіз экожүйесіне де елеулі залал келтіруде.

АҚШ президенті сондай-ақ Еуропаға бағытталған көші-қон легін "қорқынышты басқыншылық" деп атап, оны дереу тоқтатуға шақырды.

– Бұл – Еуропаның ішкі тұтастығын шайқалтып жатқан басқыншылық. Жел генераторлары табиғатты қалай өзгертіп жатса, миграция да Еуропа қоғамын солай бұзып жатыр, – деп мәлімдеді Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу