Трамп еуропалық көліктерге салық салуды 6 айға шегеруі мүмкін

762

Нақты ақпарат осы аптада жарияланады. 

Трамп еуропалық көліктерге салық салуды 6 айға шегеруі мүмкін

Трамп Еуропалық Одақ елдерінде құрастырылған көліктерге салынатын баж салығын алып тастауы немесе жарты жылға шегеруі мүмкін. Нақты ақпарат осы аптада жарияланады. Қазір сауда келіссөздері жүріп жатыр. Қазан айында Ақ үй жетекшісі Еуропадан тасымалданатын ұшақтың тарифын 10, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өнімдердің баж салығын 25 пайызға арттыру туралы шешім қабылдаған. Кейін автомобиль импортына да шектеу салмақшы болған. Қазір Сауда өкілдігі оның ұлттық қауіпсіздікке қаншалықты қатер төндіретінін анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу