Трамп Газа секторына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

49

Ақ үй басшысы анклавта бейбітшілік орнады деп отыр. 

Трамп Газа секторына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады Фото: РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп Газa секторына қатысты келісімнің екінші кезеңі жақын арада іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.

"Барлығы өте жақсы жүріп жатыр. Таяу Шығыста бейбітшілік орнады. Адамдар мұны түсіне бермейді", – деді Ақ үй басшысы журналистердің сауалына.

Трамп Газa секторы жоспарының екінші кезеңіне қатысты сұраққа да жауап берді.

"Екінші кезең жақындап келеді. Ол таяуда іске асады", – деп қысқа қайырды ол.

Бұл ретте АҚШ президенті ХАМАС пен Израиль арасында ара-тұра қақтығыстар болып тұратынын жоққа шығармады. Трамптың сөзінше, оларда бомбаның жарылуына байланысты мәселе туындады. Бұл ретте Ақ үй басшысы Израиль Қорғаныс армиясының шығыс Рафахта бірнеше жауынгермен қақтығысқаны туралы ақпаратты меңзеген болуы мүмкін. Салдарынан израильдік төрт сарбаз жарақат алған.

Келісімнің бірінші кезеңі атысты тоқтатуды, Израиль Қорғаныс армиясының Газадан әскерін шығаруды, тұтқындар мен палестиналық сотталғандарды алмастыруды, гуманитарлық көмекті көздеді. Ал жоспардың екінші кезеңі Газa секторын соғыстан кейін басқаруды қамтиды. Оны жүзеге асыру тоқтап қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу