Трамп Гренландияны сатып алғысы келеді – Марко Рубио

355

Рубио бұл мәлімдемені Конгрестің екі палатасындағы Қарулы күштер және Сыртқы саясат жөніндегі негізгі комитеттерінің заң шығарушылары қатысқан брифингте жасады. 

Трамп Гренландияны сатып алғысы келеді – Марко Рубио Фото: avesta.tj

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио заң шығарушыларға президент Дональд Трамптың Гренландияны басып алуды емес, сатып алуды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты The New York Times-ке сілтеме жасап.

Капитолийдегі брифинг Венесуэлаға арналған, бірақ заң шығарушылар Америка президентінің агрессивті мәлімдемелерін ескере отырып, Трамптың Гренландияға қатысты ниетіне алаңдаушылық білдірді.

Рубио Гренландияны сатып алу туралы айтқанда нені меңзеп тұрғанын түсіндірген жоқ. 

Сейсенбі күні алты НАТО елінің көшбасшылары Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен бірге Трамптың Құрама Штаттар Гренландияны басып алуы керек деген мәлімдемелерін жоққа шығаратын бірлескен мәлімдеме жасады. Данияға Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания және Польша қосылды – олардың барлығы АҚШ одақтастары.

– Арктикадағы қауіпсіздік НАТО одақтастарымен, соның ішінде Құрама Штаттармен бірлесіп, егемендік, аумақтық тұтастық және шекаралардың қол сұғылмайтындығы сияқты БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтау арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл әмбебап қағидаттар және біз оларды қорғауды тоқтатпаймыз, – делінген бірлескен мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу