Трамп Huawei-ге тағы да жеңілдік жасады

742

Енді америкалық компаниялар Қытайдың технологиялық алпауытымен тағы да 90 күндей жұмыс істей алады. 

Трамп Huawei-ге тағы да жеңілдік жасады

Трамп әкімшілігі америкалық компанияларға Huawei компаниясымен 16 ақпанға дейін бизнес жүргізуге мүмкіндік беретін лицензияны 90 күнге ұзартты. Бірақ қытайлық компаниямен барлығы бірдей сауда жүргізе алмайды.  

Естеріңізге сала кетейік, лицензия бірыңғай жағдай ретінде қабылданып отыр. 15 мамырда Дональд Трамп АҚШ-тың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын шетелдік қауіп-қатерден қорғау мақсатында төтенше жағдай режимін енгізген болатын. 17 мамыр күні Ақ үйдің сауда министрлігі "ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерге" байланысты Huawei-ді қара тізімге енгізді. 

Ал 20 мамырда ведомство компанияға уақытша лицензия берді. Бұл құжат бойынша бірқатар америкалық компанияларға Қытай корпорациясына ұлттық қауіпсіздік саласын қамтымайтын өнімдерді жеткізуге құқық береді. 

Құжаттың күші осымен екінші мәрте ұзартылып отыр. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі пролонгация Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресінің сәл де болса басылуына түрткі болатын қадам ретінде істеліп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу