Трамп Иерусалим бойынша шешімді қолдамағандар көмектен айрылатынын айтты

600

Трамп Иерусалим бойынша шешімді қолдамағандар көмектен айрылатынын айтты

Иерусалимді Израильдің астанасы деп тану туралы шешімге қарсы дауыс берген елдерге АҚШ қаржылай қолдау көрсетпейді. Бұл туралы Ақүйде президент Дональд Трамп айтты,деп хабарлайды Астана TV.

Ал, атышулы шешімді қолдамайтын елдер көп. БҰҰ қауіпсіздік кеңесі жиынында АҚШ-ты айыптайтын қарар үшін тіпті бұл елдің одақтастары да дауыс берді. Олар - Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мен Украина. Трамптың сөзінше, осылай еткен жағдайда Құрама штаттар көп қаржыны үнемдейді. 

Айта кетейік, АҚШ ұйымға жарна төлейтін елдер арасында көшбасшы саналады. Яғни БҰҰ бюджеті қаржысының 22% Құрама штаттардың үлесінде.

"Бұл елдердің барлығы біздің ақшамызды алады, сөйте тұра БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Иерусалимге қатысты біздің шешімімізге қарсы шықпақ па? Мейлі, солай-ақ болсын. Есесіне, біз мол қаржыны үнемдейміз", - дейді Трамп.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу