АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс өршіп барады, деп хабарлайды Atameken Business.
Тегерандағы билік генералдың өлімі үшін қалай да кек алатынын мәлімдеді. Ал Трамп болса, Иран америкалықтарға қарсы шықса, дереу 52 рет әуе соққысы жасалатынын, тіпті құны 2 трлн доллар болатын жаңа қаруды қолдануға дайын екенін айтты.
Дәл осы АҚШ пен Иран мәселесі жайлы шетелдік сарапшылар не дейді? Оны білмекке біз Мәскеумен байланысқа шығып, Ресейдің белді саясаттанушысы әрі журналист Максим Шевченкомен скайп арқылы сұхбаттастық. Оның пайымдауынша Сүлейманидың өлімі бойынша Иран тарапы Құрама Штаттарға лайықты түрде жауап қатуы тиіс. Ал АҚШ болса арандатушылық әрекеттерге көшуі мүмкін екенін айтты сарапшы.