Трамп Иран халқын наразылықты жалғастыруға шақырды

126

Ақ үй басшысы TruthSocial желісінде үндеу жариялады.

Трамп Иран халқын наразылықты жалғастыруға шақырды Фото: AP Photo/Phelan M. Ebenhack

АҚШ президенті Дональд Трамп желідегі жазбасы арқылы Ирандағы наразылық білдірушілерге қолдауын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

"Иранның нағыз патриоттары, наразылықты жалғастырыңдар, мемлекеттік мекемелерді басып алыңдар. Қылмыс жасағандардың есімдерін жаттап алыңдар, олар өз жазасын алады. Наразылық білдірушілерге қарсы жасалған қантөгіс тоқтамайынша, Иран басшыларымен кездесулер өтпейді. Көмек келе жатыр. Make Iran great again (Иранды қайтадан ұлы мемлекет етейік)!", – делінген TruthSocial желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін АҚШ өз азаматтарына Ираннан дереу кетуді ұсынған болатын.

Айта кету керек, Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу