АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Иран мен Израиль өзара келісімді бұзды деп айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
New York Post хабарлауынша, Ақ үй басшысы тиісті мәлімдемені НАТО саммитіне ұшар алдында айтқан.
"Меніңше, қос тарап та келісімді бұзды. Ұзақ уақыт соғысып келе жатқан екі ел бар. Олар енді не істеп жатқанын өздері де түсінбейді", – деді Трамп.
АҚШ президенті Израильге наразы екенін ашық жеткізді. Оның айтуынша, қақтығыс "бір ғана зымыраннан" басталған.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп Иранды "тырп еткізбейтін" жаңалығымен бөліскенін жазғанбыз. Ақ үй басшысы Израиль мен Иранның бітімге келгенін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу