Трамп Иранға ескерту жасады

1603

Президент Дональд Трамп Foxbusiness арнасына берген сұхбатында Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиге ядролық келісім бойынша хат жолдағанын айтты, деп жазды inbusiness.kz сайты ABC News басылымына сілтеме жасап.

Трамп Иранға ескерту жасады Фото: inbusiness.kz

Ал Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі Трамптан хат алмағанын мәлімдеді. 

– Мәселені шешудің екі ғана жолы бар: Әскери немесе келісім жасасу. Мен келісім жасасқанды жөн көрер едім. Уақыт жақындап қалды. Қалай болғанда да бірдеңе болады. Мен оларға хат жаздым, "сіз келіссөз жүргізесіз деп үміттенемін" дедім, өйткені егер біз өзара әскери әрекетке баратын болсақ, "бұл олар үшін жаман болады" деп жаздым, – деді Дональд Трамп.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу