Трамп Иранға интернет қолжетімділігін қалпына келтіру мәселесін Маскпен талқылауы мүмкін

123

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп бұл туралы жексенбі күні Вашингтонда журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.  

Трамп Иранға интернет қолжетімділігін қалпына келтіру мәселесін Маскпен талқылауы мүмкін Фото: Aaron Schwartz — Pool via CNP

АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметке қарсы жаппай наразылық акциялары өтіп жатқан Иранда интернетке қолжетімділікті қалпына келтіру мүмкіндігін бизнесмен Илон Маскпен талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Маскпен спутниктік интернет технологияларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

– Ол бұл мәселелерді өте жақсы түсінеді, ал оның компаниясы өте мықты, – деді Трамп Иран аумағында SpaceX компаниясына тиесілі Starlink спутниктік интернет қызметін қолдану ықтималдығы туралы сұраққа жауап бере отырып.

Алайда Илон Маск та, SpaceX компаниясының өкілдері де АҚШ президентінің бұл мәлімдемесіне қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, бейсенбіден бері Иранда үкіметке қарсы ауқымды наразылық акцияларының ушығуына байланысты интернетке қатаң шектеулер енгізіліп, ел ішінде ақпарат тарату айтарлықтай шектелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу