АҚШ президентінің айтуынша, егер Тегеран америкалық базалар мен америкалықтарға шабуыл жасайтын болса, осындай әрекетке баратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Твиттердегі парақшасында жариялады.
Бұған дейін Дональд Трамп Тегеран билігі соққы ұйымдастырмақ болған жағдайда АҚШ ирандық 52 нысанға лезде шабуылдайтынын басып айтқан еді.
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Пентагон Бағдад әуежайы маңында әуеден шабуыл жасады. Оның салдарынан Ислам төңкерісі күзетінің құрамындағы "Әл-Кудс" арнайы бөлімінің қолбасшысы генерал Касем Сулеймани мен бірқатар ирандық әскери қаза тапты. АҚШ-тың Қорғаныс министрлі операция Трамптың бұйрығы бойынша жүзеге асқанын жариялады.
Табиғат Нұрболат