Трамп Иран мен оның көшбасшысына қоқан-лоққы жасады

АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде Иранға қатысты бірнеше жазба жариялаған.  

Трамп Иран мен оның көшбасшысына қоқан-лоққы жасады Фото: РИА Новости

Оның сөзінше, Америка Құрама Штаттары Иран әуе кеңістігін толығымен бақылауға алған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Қазір біз Иранның әуе кеңістігін толық бақылауда ұстап отырмыз. Иранда әуе кеңістігін бақылауға арналған жақсы жүйелер мен басқа да қорғаныс құралдары болды. Бірақ, олардың ешқайсысы АҚШ-та құрастырылған және өндірілген қаруларды алмастыра алмайды. Ешкім мұны АҚШ секілді жақсы жасай алмайды, – деп мақтанды Трамп.

Ал бүгін Иран болса, Израильдің аспанын толық бақылауға алғанын айтып, ескерту жасады. 

Сонымен қатар, АҚШ президенті Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің қайда жасырынғанын білетінін айтты. 

– Ол – жеңіл нысана, бірақ әзірге қауіпсіз жерде. Біз оны өлтіруді жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ біз бейбіт тұрғындарға немесе америкалық сарбаздарға зымыран ұшырылғанын қаламаймыз. Біздің төзіміміз таусылуға жақын – деп жазды ол.

Соңғы жазбасында Трамп бас әріптермен "ШАРТСЫЗ ТІЗЕ БҮГУ!" деп ескерту жасаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу