Трамп ісін Сенат қарастырады

450

Импичмент жариялану үшін сенаторлардың үштен екісі дауыс беру керек.

Трамп ісін Сенат қарастырады

АҚШ Конгресінің қауымдар Палатасы импичмент рәсімі аясында Трампқа қарсы бағытталған айыптау тұжырымын Сенатқа тапсырылуын мақұлдады. 

Заң шығарушылар президентке соттың әділеттілігіне кедергі келтірді және билігін асыра пайдаланды деген айыптар тағып отыр. Қорытынды дауыс берудің өткізілгеніне бір айдай болып қалған. 

Бірқатар сарапшының пікірінше, демократтардың бұл істі осылай созуына бір себеп бар: олар Сенат бақылап отырған республикашыларға ықпал етіп, оларды жаңа куәгерлерді тыңдауға мәжбүрлеу. 

Трамп болса, демократтардың бұл әрекетіне еріккендердің кезекті қулығы деген баға берді.
Айта кету керек, импичмент жариялану үшін сенаторлардың үштен екісі қолдау білдіру керек. Яғни 67 дауыс қажет. Ал Конгрестің Жоғарғы палатасындағы 100 орынның 53-і республикашылардың үлесіне тиесілі. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу