Трамп Израиль мен Палестина шекарасының картасын жариялады

1188

Бірақ Палестина президенті Махмуд Аббас оны мойындаудан бас тартты.

Трамп Израиль мен Палестина шекарасының картасын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп "ғасыр келісімі" аясында Палестина мен Израильдің жаңа шекарасының картасын жария етті. 

"Палестина мен оның астанасының Шығыс Иерусалимдегі орналасуы осындай болады", –деп твиттердегі парақшасына жазды. 

"Мен әрқашан Израиль мемлекетіне қолдау көрсететін боламын. Олардың қауіпсіздігі және тарихи отанында өмір сүру құқығын толықтай қолдаймын. Қазір бейбітшілік уақыты", – деді Трамп. 

Ол бұл мәлімдемелерді араб және иврит тілдерінде жазды. 

Ақ үй басшысы жариялаған карта бойынша, Палестинаны Иорданияға шекара арқылы өтетін қос магистральмен қосу көзделіп отыр. Палестинаның батыс жағалауы Иорданиядан Израиль территориясының белдеуімен бөлінетін болды. Сонымен қатар палестиналық Газа секторы айтарлықтай кеңейіп, оған екі ірі аудан қосылады. Трамп таныстырған карта бойынша, сириялық Голан территориясы Израильдікі болып есептеледі. 

Бұған дейін Трамп келісімнің шарттарын Израиль премьері Биньямин Нетаньяхудың көзінше мәлім еткен еді. Ол бұл келісім палестиналықтардың өз мемлекетіне қол жеткізу үшін тарихи мүмкіндік дегенді айтты. 

Бірақ Палестина президенті Махмуд Аббас Трамп ұсынған картаны мойындаудан бас тартты. Оның айтуынша, палестиниалықтар "ғасыр келісіміне" түбегейлі қарсы шығып отыр. Сондай-ақ ол келіссөздерді АҚШ-пен емес, Ресей, БҰҰ, Еуродақ және Таяу Шығыс елдерімен жүргізуге әзір екенін жеткізді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу