Дональд Трамп тағы бір соғысты тоқтатты

147

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен Камбоджа мен Тайланд арасында бейбіт келісімге қол қойылды.

Дональд Трамп тағы бір соғысты тоқтатты Фото: premiumread.com

Келісім екі елдің шекара маңындағы ұзақ жылдық қақтығысты тоқтатуды көздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оған сәйкес, тараптар бірлескен бақылау аймағын құруға және әскери күштерді біртіндеп шегіндіруге уағдаласты.

Сонымен қатар, сауда және инфрақұрылым саласында өзара ынтымақтастықты кеңейту жөнінде қосымша хаттама қабылданды.

Дональд Трамп бұл қадамды "Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі тарихи жетістік" деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу