АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты ретінде қосу мүмкіндігін тағы да ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Трамптың айтуынша, мұндай қадам канадалықтардың салықтық төлемдері мен әскери қорғанысқа кететін шығындарын айтарлықтай азайтуы мүмкін.
"Неге біз жылына 100 миллион доллардан аса соманы Канадаға субсидиялаймыз? Бұл мағынасыз! Көптеген канадалық өз елдерінің 51-штат болғанын қалайды. Олар салық пен әскери қорғанысқа үлкен қаражат үнемдер еді. Меніңше, бұл керемет идея – 51-штат!" – деп жазды Трамп өз Truth Social желісіндегі парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу