АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамп карантинге жабылды. Өйткені оның көмекшісі Хоуп Хикстің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы америкалық президент өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.
"Дамыл таппай жұмыс істеген Хоуп Хикс Covid-19 дертіне шалдықты. Сұмдық! Әзірше біз карантин шараларын сақтаймыз",– деді Трамп. Сонымен қатар ол жұбайы екеуінің тест тапсырып, зертхана қорытындысын күтіп отырғанын мәлім етті.
Ескере кететін жайт, Хикс 29 қыркүйекте өткен пікірталас пен 30 қыркүйекте Миннесотада өткен митинг кезінде Трамптың жанында болған еді.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу