Полиция Tesla көлігіндегі жарылысты "теракт" деп санайды.
Трамптың жақын одақтасы және Tesla компаниясының иесі Илон Маск жарылысқа қатысты өз тергеуін бастағанын мәлімдеді.
"Біз жарылыстың жалға алынған Cybertruck көлігіндегі өте күшті отшашу немесе бомбаның әсерінен болғанына және көліктің өзіне қатысы жоқ екеніне сенімдіміз. Жарылыс кезінде көліктің барлық телеметриялық деректері дұрыс жұмыс істеп тұрған", – делінген Масктің желідегі жазбасында.
Лас-Вегас Полиция департаменті жүргізуші қонақүй тұрағына кірген кезде, көлік жарылғанын мәлімдеді.
Құзырлы органдардың хабарлауынша, көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, 7 адам жеңіл жарақат алған.
Құқық қорғау органдары Жаңа Орлеандағы теракт пен Лас-Вегастағы жарылыс арасында байланыс болуы мүмкін екенін алға тартты. Екі жағдайда да көліктен "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының қара туы табылған, сондай-ақ екі көлікте бір қосымша арқылы жалға алынған.