Трамп қылмыскерлерді елден қууға дайын тұр

Жаңа президент Дональд Трамп Америка азаматтары мен депортацияланған отбасы мүшелерін елден шығармақ.

Трамп қылмыскерлерді елден қууға дайын тұр Фото: Erin Schaff / Getty Images

Трамп АҚШ-та дүниеге келген балаларға азаматтық беру заңының күшін жоюға бекініп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты NBC News-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ АҚШ-қа бала кезінде келген құжатсыз иммигранттардың елде қалуын қамтамасыз ететін заң қабылдау үшін демократтармен ашық жұмыс істеуі мүмкін. 

Жалпы, оның жаппай депортациялау жоспарын жариялауы президенттік науқанындағы басты уәдесі еді. Президент сөзінше, бағдарлама қылмыс жасаған заңсыз иммигранттардан басталады. Бұл туралы Кристен Уэлкермен болған сұхбатында айтқан. 

– Біз қылмыскерлерді елден қууымыз керек. Бұл қадамды қылмыскерлерден бастаймыз, сөзсіз солай істеген жөн. Содан кейін кезек өзгелерге келеді, не болатынын уақыт көрсетеді. Өзге деген ол – қылмысқа қатысы жоқ адамдар, – деді Дональд Трамп.

Бұған дейін АҚШ-тың Мексикамен шекарасындағы шектеулерді күшейткені талқыланған-ды.

Бұл да Трамптың сайлау науқанындағы басты бөлімінің бірі болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу