Трамп Қытайға қарсы жаңа баж салығын енгізбек

707

Жаңа ереже 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Трамп Қытайға қарсы жаңа баж салығын енгізбек

Трамп Қытайға қарсы тағы бір баж салығын енгізбек, деп хабарлайды Atameken Business.

АҚШ президентінің сөзінше, 300 млрд доллардан асатын Қытайдың импорттық тауарына 10 пайыз салық талап етпекші. Бұл туралы ол өзінің твиттер желісінде жазған.

Жаңа ереже 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Бұрын салық салынбаған тауарлардың барлық түрі қамтылады. Дегенмен, ол Қытай тарапын диалогқа шақырып, екі ел арасындағы сауда келісімінің позитивті жалғасатынына сенім білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу