АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайға сапарын кейінге шегеруі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақ үй басшысы: "Таяу Шығыстағы шиеленістен соң, дәл қазір Бейжіңге бару орынсыз" деп санайды. Сондықтан АҚШ-Қытай саммитін 1 айға кейінге шегеру туралы келіссөз жүріп жатқанын жеткізді.
Таяуда Президент Трамп Ормуз бұғазындағы кеме тасымалын қалпына келтіру үшін бірқатар елден көмек сұрады. Соның ішінде Қытай да бар.
Шығыстағы көршілес ел энергетикалық шикізаттың жартысы мен табиғи газдың үштен бірін Таяу Шығыстан импорттайды. Сөйте тұра, Бейжің әскери кемелерін өңірге жіберуге уәде берген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу