Трамп Илон Масктың көңіл күйін бір көтеріп қойды

Қазіргі уақытта бірнеше штатта Tesla Takedown наразылықтары өтіп жатқаны көпшілікке белгілі.

Трамп Илон Масктың көңіл күйін бір көтеріп қойды Фото: the-sun

АҚШ президенті Трамп Илон Маскты қолдау үшін Tesla көлігін сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі ахал бойынша, акциялар 15%-ға құлдыраған, Tesla-ның бағасы құнынан екі есе төмендеп, сатылым да күрт азайып барады.

АҚШ президенті "Акциялар құлдырап жатса да, сенімді бір сатып алушы бар" деп сөзін жалғап, өзін мысалға келтірген.

Трамп досы мен сенімді серігі саналатын Илон Маскты қолдауға шешім қабылдап: "Ол керемет жұмыс атқарып жатыр. Илон АҚШ үшін бәрін қатерге тікті" деп мәлімдеді.

Бұған дейін inbusiness.kz сайты "Менменсіген миллиардер барынан айрылуға шақ тұр" деген тақырыпта сараптамалық мақала жариялаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу