Трамп Латын Америкасында есірткіге қарсы әскери одақ құратынын жариялады

230

АҚШ Президенті Дональд Трамп 10-нан астам Латын Америкасы елінің көшбасшылары қатысқан саммитте аймақтағы есірткі саудасымен күресу үшін әскери коалиция құрылатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Трамп Латын Америкасында есірткіге қарсы әскери одақ құратынын жариялады Фото: abcnews.com

– Біз Таяу Шығыста ИМ-ді жою үшін коалиция құрғанымыздай, енді өз елімізде картельдерді жою үшін солай істеуіміз керек, – деді Трамп.

Оның айтуынша, келісімнің мәні – "қасірет төндіретін картельдер мен террористік желілерді жою үшін әскери күш қолдануға дайын болу".

Трамп Мексиканы Батыс жарты шардағы есірткі картельдерінің басты орталығы деп атады.

– Біз оларды толығымен жоюымыз керек, себебі олар күшейіп, өз елін басып алуда. Картельдер Мексиканы басқаруда, – деді ол.

Басылым Мексика Президенті Клаудия Шейнбаум бірнеше рет АҚШ-тың елде әскери операция жүргізуіне жол бермейтінін мәлімдегенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу