Трамп мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы мен акциялар арзандады

1110

Brent сұрыпты мұнай бағасы 34,41 доллар болды. 

Трамп мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы мен акциялар арзандады

Ақ үй басшысы Дональд Трамптың еуропалықтардың АҚШ-қа келуіне уақытша шектеу енгізгеннен кейін, шикізат бағасы 4%-ға арзандады. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 34,41 доллар, ал WTI баррелінікі 31,66 доллар болды. 

Негізгі индекстер де төмен көрсеткіштерге ие болды. Мысалы, S&P 500 фьючерстері 3%-ын жоғалтты. Азиядағы сауда ашылуында Nikkei 225 5%-ға, ал гонконгтік HSI 4%-ға қысқарды.  

"Коронавирус жұқтырған еуропалықтардың елімізге енуін тежеу үшін осындай қадамға бардық.  Бұл шектеу 13 наурызда күшіне енеді", – деді Трамп. 

Белгілі болғандай, тек Британия елінің азаматтарына АҚШ-қа саяхаттауға рұқсат етілмек. Сонымен қатар жүк және тауар саудасына да шектеу қойылмайтын болды. 
 
Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу