Трамп мәлімдемесінен соң Қытай нарығы құлады

711

Әсіресе телекоммуникациялық, ақпараттық технологиялар мен өндірістік нарық шығынға батты.

Трамп мәлімдемесінен соң Қытай нарығы құлады

АҚШ президенті Дональд Трамптың 10 мамырдан бастап қытай тауарларына баж салығын арттыру туралы мәлімдемесі Шанхай мен Шэньчжэньнің қор биржаларындағы негізгі индекстердің құлдырауына әкелді, деп хабарлайды 24.kz. 

Әсіресе телекоммуникациялық, ақпараттық технологиялар мен өндірістік нарық шығынға батты.

Айта кетейік, Трамптың қытай тауарларына баж салығын 25 пайызға дейін көтеру туралы мәлімдемесі осы аптада Вашингтонда өтуге тиіс сауда келіссөздерінің алдында айтылып отыр. Ал Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуанның айтуынша, осы жағдайға қарамастан қытай делегациясы алдағы келіссөздерге дайындық үстінде.

Естеріңізде болса, келіссөздер өткен аптада Бейжің қаласында өткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу