Трамп мексикалық босқындарға көмек көрсету туралы заңға қол қойды

904

Оларға 4,6 млрд доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Трамп мексикалық босқындарға көмек көрсету туралы заңға қол қойды

Дональд Трамп мексикалық босқындарға 4,6 млрд доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы заңға қол қойды. Бұл қаржы шекара маңын жағалағандарға азық-түлік және дәрі-дәрмек алу үшін қарастырылған, деп хабарлайды Atameken Business.

Дегенмен, мексикалықтарға керегі бұл емес. АҚШ-тан жұмыс тауып, америкалық болғысы келетіндер саны күн сайын көбейіп келеді. Қазір шекара маңында тұрып жатқандар саны 300 мыңнан асады.

Естеріңізге сала кетейік, босқындардан зәрезап болған Трамп өткен айда егер билік олардың көшін тоқтатпаса, Мексика импортының тарифін 5 пайызға арттырып, қазан айына дейін үдете түсетінін мәлімдеген. Кейін тараптар ортақ мәміле жасаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу