АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп билікке келісімен Мексикамен шекарада қабырға тұрғызуға кірісетінін мәлімдеді, деп жазады "Интерфакс".
"Біз қабырға тұрғызатын боламыз, мен оны күтіп отырғым келмейді", – деді ол АҚШ-та өткен баспасөз жиынында. Ол бұл мәселені құжат жағынан реттеумен сайланған АҚШ вице-президенті Майкл Пенс айналысып жатқанын тілге тиек етті.
Дональд Трамп Мехикодан құрылыстың шығынын өндіртуге әлі де ниетті екенін атап өтті.
"Ол салық немесе жай ғана төлем түрінде бола ма, ол жағын әзірге білмеймін", – деді сайланған президент.
Дегенмен Трамп мырза мексика халқын сүйетінін, бірақ АҚШ-ты заңсыз иммиграциядан қорғауды қалайтынын баса айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу