Трамп Обаманың рекордын бұзбақшы

193

АҚШ жылына 1 млн мигрантты елден шығарады.

Трамп Обаманың рекордын бұзбақшы Фото: Getty Images

АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі мигранттарды жаппай депортациялаудың ауқымды жоспарын әзірлеуде, деп жазады inbusiness.kz сайты The Telegraph-қа сілтеме жасап.

Қазір Ақ үй жыл сайын 1 миллионға дейін адамды елден шығаруды талқылауда. Бұл тақырып The Washington Post да қызу талқыға түсті.

Сандар тарихи көрсеткіштерден әлдеқайда асып түскелі тұр. Американың бұрынғы басшысы Барак Обамының кезінде жылына 400 мың мигрант депортацияланған еді.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі бюджеттік шектеулер, кадр тапшылығын және заңдық кедергілерді ескере отырып, мұндай ауқымды науқанның орындалатынына күмән келтіреді. Яғни, ақылға қонымсыз әдіс деп бағалады. Себебі, мигранттардың көпшілігі депортацияланбас бұрын сот тыңдауларына құқылы.

Ақ үйдің кеңесшісі Стивен Миллер Ішкі қауіпсіздік департаментінің және басқа федералды агенттіктердің шенеуніктерімен бірге күн сайын жаппай депортациялау стратегиясын құрып жатыр.

Процесті жеделдету үшін қарастырылып жатқан жолдардың бірі – соңғы сот шешімдері бар 1,4 миллион мигранттың кейбірін депортациялау. Бірақ The Post оларды депортациялау қиын екенін атап өтеді. Өйткені ол азаматтарды өз елдері қайтарудан бас тартады. Бір шетінен ақша мен кадр тапшы. Оның үстіне мигранттар соттасуы мүмкін. Ал сот ісі бірнеше жылға созылады.

АҚШ үкіметі 30-ға жуық елмен олардың депортацияланған азаматтарын қабылдау туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарлады.

Жақында сотқа берген өтінішінде үкімет "мыңдаған" осындай адамдарды "үшінші елдер" деп аталатын елдерге жіберуді жоспарлап отырғанын жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу