Трамп Ормуз бұғазының минадан толық тазартылғанын айтты

533

Бұл туралы АҚШ президенті әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Трамп Ормуз бұғазының минадан толық тазартылғанын айтты Фото: oimaqnews.kz

Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ қарулы күштерінің Иранға Ормуз бұғазында мина қоюға жол бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

"АҚШ Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазының халықаралық суларындағы барлық мина толықтай тазартылғанын және жойылғанын хабарлады. Жаңадан мина орнатуға ұмтылған кез келген кеме немесе катер дереу жойылатыны туралы Иранға ескертілді", – деді АҚШ президенті.

Ақ үй басшысы бұған дейін де бұғаздың толықтай минадан тазартылғанын хабарлаған болатын.

Оның сөзінше, АҚШ Ғарыш күштері Ормуз бұғазын, Коланг Газ-Ла тауын және Ирандағы бұған дейін жойылған үш ядролық нысанды үздіксіз бақылауда ұстап отыр. 2025 жылдың маусымында АҚШ Иранның Исфахан, Натанз және Фордо қалаларындағы ядролық нысандарына соққы берген болатын.

Айта кету керек, бұған дейін Тегеранда Трамптың суға батып бара жатқаны бейнеленген плакат пайда болғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу