"Біз қазір табысы орташа адамдарға салынатын салық мөлшерін қысқарту мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл бастама келесі жылы күшіне енеді деп ойлаймын. Айтарым: халықтың бұл бөлігіне салынатын салық айтарлықтай қысқартылады",– деді Дональд Трамп.
2017 жылы Дональд Трамп салық реформасын жүргізіп, бизнеске салынатын салықты 35%-дан 21%-ға түсірген еді. Осылайша америкалық президент ел экономикасына құйылатын инвестицияны арттырмақ болған. Бірақ көптеген компаниялар ақшаны есепшотында сақтап немесе өздерінің акцияларын сатып алуды жөн көрген. Ал мөлшерлеме төмендетілгеннен кейін америкалық бюджетке 1,5 трлн доллар көліменде шығын келген.
Бірқатар сарапшылардың есебі бойынша, 2017 жылы қысқартылған салық кеісірінен АҚШ-тың федералдық қарызы 2029 жылға қарай 4,1 трлн доллар болуы мүмкін.
Табиғат Нұрболат