Трамп осы жолы жеңіліс тапса, 2024 жылы қайтадан сайлауға түседі

543

Ол Республикалық партияның Ұлттық комитетіндегі ықпалын күшейтуге тырысып жатыр. 

Трамп осы жолы жеңіліс тапса, 2024 жылы қайтадан сайлауға түседі

Егер демократ Джозеф Байденнің жеңіске жеткені ресми түрде жарияланса, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп 2024 жылы қайтадан президенттік лауазымға таласатынын мәлімдемекші. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады. 

Президент кеңесшілерінің айтуынша, Трамп осы аптаның соңында осындай мәлімдеме жасауы мүмкін. Бірақ Джорджия штатындағы дауыстардың қайтадан есептелуіне байланысты кейінге шегерілуі де ықтимал. Бұған дейін CNN басылымы Трамптың Республикалық партияның Ұлттық комитетіндегі ықпалын күшейтуге тырысып жатқанын, яғни 4 жылдан кейін президент болудың қамын ойластырып жатқанын мәлімдеген еді. 

Еске сала кетсек,Құрама Штаттарда 3 қараша күні президенттік сайлау өткен еді. Сайлау қорытындысы әлі жарияланбады. Бірқатар америкалық басылымдардың (CNN, AP) алдын ала есебі бойынша, сайлауда Байден басым түсті. Сайланған президент қызметіне 2021 жылдың 20 қаңтарында кірісуі тиіс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу