Сондықтан, Дональд Трамп Колорадо билігінен галереяға орнатылған суретін алып тастауды талап етіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Портрет Колорадо штатының Капитолийінде ілулі тұр.
– Кез келген адам өзінің жаман салынған суретін немесе портретін ұнатпайды. Бірақ Колорадо Капитолийіне ілінген сурет әдейі бұрмаланған. Мұндай портретті бұрын-соңды көрмеген шығармын, – деп жазды ол Truth Social сайтында.
Трамп Обаманың (АҚШ-тың экс-президенті – ред.) портреті әдемі салынғанын, өзінікі қорқынышты екенін айтты.
– Шамасы, суретші жасы ұлғайған сайын талантын жоғалтқанға ұқсайды, – деп кекетті Трамп.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Outkick басылымына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың одан әрі өршуін тежеу жұмыстары бақылауда екенін жеткізген болатын. Сондай-ақ, ол соғысты тоқтатуда өзін "маңызды тұлға" деп есептейді әрі "мен президент болсам, бұл соғыс басталмас та еді" деген сөзін бірнеше рет айтты.