Трамп өзіне ескерткіш сыйға алды

Мүсін – бизнесмен әрі АҚШ президентінің жақтасы Энтони Константиноның сыйлығы. 

Трамп өзіне ескерткіш сыйға алды Фото: Anthony Constantino/X

Бұл туралы Дональд Трамп X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ президентіне арналған ескерткіш Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының жанында, гольф алаңына жақын жерге орнатылған.

"Бағынбау ескерткіші" деп аталған мүсінде Трамптың жоғары көтерілген жұдырығы бейнеленген. Сонымен қатар, онда оның сайлауалды ұрандары да қаз-қатар берілген.

Мүсіннің ашылу рәсімінде Трамп бұл сыйлыққа ризашылығын танытып, оны "нағыз күрестің белгісі" деп атаған.

– Қарсылық – бұл американдық бостандықтың негізі, – деп қоса кетті ол.

Айта кетейік, Трамптың жақтастары ескерткішті оның саяси жолының символы ретінде қабылдап, жақсы пікір білдіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу