АҚШ Президенті Дональд Трамп Пенсильвания штатының Батлер қаласында жасалған қастандық кезінде өзін қорғаған агент Шон Карренді Құпия қызмет директоры етіп таңдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дональд Трамп Truth Social платформасында Карреннің бірнеше жыл бойы отбасын қорғаған патриот екенін, сондықтан оған Америка Құрама Штаттарының құпия қызметінің ержүрек ерлері мен әйелдерін басқаруды тапсыратынын хабарлады.
"Ол мені Батлердегі (Пенсильвания штаты) қарақшының оғынан құтқару үшін өз өмірін қатерге тігіп, батылдығын көрсетті. Мен Шонның Құрама Штаттардың Құпия қызметін бұрынғыдан да күшті ететініне сенемін", – деп жазды Дональд Трамп.