Трамп өзін "зорлады" деп айыптаған журналисті сотқа берді

515

Трамп Кэрроллды жала жапты, беделіне нұқсан келтірді деп айыптап отыр.

Трамп өзін "зорлады" деп айыптаған журналисті сотқа берді Фото: vlasti.net

АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамп өзін "зорлады" деп айыптаған журналист және жазушы Джинн Кэрроллды сотқа берді, деп жазады inbusiness.kz bloomberg.com сілтеме жасап.

"Сейсенбі күні кешке бұрынғы президент қарсы талап арыз берді. Кэрролды оның абыройына нұқсан келтірді деп айыптады", - делінген агенттіктің хабарламасында.

9 мамыр күні сот Трамп пен Кэрроллдың ісіне қатысты үкім шығарды. Журналистің сөзінше, оқиға 1996 жылы болған. Әйел Трамптың оған тиіскенін дәлелдей алмады, бірақ сот экс-президентті оны зорламақ болғаны үшін кінәлі деп тапты. Осылайша Трамп әйелге моральдық шығын ретінде 3 млн доллар, азаматтық талап арыз бойынша тағы 2 млн доллар төлеуге міндеттелді.

Келесі күні CNN журналистері Кэрроллдан сот шешімі туралы пікірін сұрады. Әйел адам Трамптың тарапынан зорлыққа ұшырағанын айтты. АҚШ-тың бұрынғы басшысының арызында журналистің сұхбаты теледидардан көрсетіліп, ғаламторда таралып кеткені туралы айтылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу