Трамп өзіне қарсы импичмент жариялануын мемлекеттік төңкеріске балады

1121

Оның ойынша, бұл әрекет халықтың дауысын, бостандығы мен құқығын тартып алуға бағытталған.

Трамп өзіне қарсы импичмент жариялануын мемлекеттік төңкеріске балады

Америкалық президент демократтар кей ел азаматтарының пікірімен санаспай отыр деп айыптады. Айта кетейік, импичмент процесі Трамптың Зеленскиймен әңгімелесуінен кейін басталған болатын. 

Бұған дейін Ақ үй басшысы импичментке қатысты мәлімдеме жасап, Демократиялық партияның әрекетін "жалған"  деп айтқан болатын. 

25 қыркүйек өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелоси Трампқа қарсы импичмент процесінің басталғанын жариялап,төменгі палатаның алты комитетіне оның әрекеттерін тергеуге бұйрық берді. Бұған АҚШ басшысы мен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы әңгіме себеп болған. Пелосидің айтуынша, Трамп диалог барысында президент ретіндегі конституциялық міндеттерін бұзған. Және Зеленскийден оның басты қарсыласы демократ Джо Байден және оның ұлына қарсы тергеу бастауды бірнеше мәрте сұраған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу