Трамп Пелосиді мемлекетке сатқындық жасады деп айыптады

1243

АҚШ Президенті Өкілдер палатасы спикеріне қарсы импичмент жариялауды ұсынды. 

Трамп Пелосиді мемлекетке сатқындық жасады деп айыптады

АҚШ Президенті Нэнси Пелоси мемлекетке сатқындық жасады деп санайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл дау Зеленскиймен болған әңгімеден кейін ушыққан болатын. Трамп Өкілдер палатасының спикері мен барлау жасайтын арнайы комитеттің төрағасы Адам Шифф аса ауыр қылмыс жасады деп айыптайды.

Олар болса, Трамп Украин Президентімен телефон арқылы тілдескенде, конституциялық міндеттерін бұзған. Ұлттық қауіпсіздік пен сайлаудың тұтастығына нұқсан келтірген. Зеленскийден сайлауда басты қарсыласы болатын, демократ Байден және оның ұлы Хантерге қарсы тергеу бастауды бірнеше мәрте сұраған дейді.

"Бұл Президент АҚШ конституциясын ойыншық қылып бітті. Оның негізін салушылар күні ертең қызметін асыра пайдаланып, мен не қаласам, соны істеймін деп басты заңды керек қылмайтын адам билік басына келер деп ойлады ма?!",– дейді Нэнси Пелоси.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу