АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп пен оның әйелі Мелания өздерінің әзіл түріндегі криптовалютасын іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Трамптың мем монеталарының бағамы 950% өсіп, 72 долларға жетті. Президенттің криптовалюта саудасының көлемі 14,53 миллиард доллардан асты.
Ал Трамптың әйелінің MELANIA мемкойны бір сағаттан кейін 10 000% көтерілді. Монетаның капитализациясы қазірдің өзінде 5 миллиард долларға жетті.
"Сіз қазір $MELANIA сатып ала аласыз", – деп жазды Мелания Трамп.
Меланияның криптовалютасы $TRUMP деп аталатын мемкойн бағасын түсіріп жіберді. Ол 36% төмендеген.
$MELANIA-ны іске қосу аясында Bitcoin бағамы да 99 000 долларға дейін төмендеді.
Десе де $TRUMP жұмадан бері 7000% өсті. Бұл өсім сайланған президентке миллиардтаған сома табыс әкелді.
$TRUMP-тың нарықтық капиталы – шамамен 33 млрд доллар.
Memcoin – бұл нақты құндылығы жоқ криптовалюта, көңіл көтеру үшін және кейде сол арқылы ақша табу үшін жасалған.