Алайда бұл жүзеге асу үшін Анкара Ресейден энергия ресурстарын сатып алудан бас тартуы қажет, деп жазады inbusiness.kz сайты.
25 қыркүйекте Вашингтондағы Ақ үйде өткен кездесу барысында Трамп:
"Ең дұрыс шешімі – Ресейден мұнай мен газ сатып алуды тоқтату болар еді", – деп мәлімдеді.
Ол түрік көшбасшысын Ресейдің энергия тасымалдаушыларынан бас тартуға шақырды. Трамптың айтуынша, егер Түркия Кремльмен энергетикалық байланысты азайтса, онда АҚШ Анкараға бесінші буын F-35 жойғыштарын сатуға және бұрын қойылған шектеулерді алып тастауға дайын.
Сонымен қатар, Түркияның төртінші буын F-16 ұшақтарын көбірек сатып алуға қызығушылық танытып отырғаны айтылды.
Санкциялар Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде Анкара Ресейдің С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алғаннан кейін енгізілген болатын.
Алайда, Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Ресей арасындағы сауда қатынастарына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Кездесу қорытындысы бойынша Түркия АҚШ-пен 20 жылға арналған, құны 43 млрд доллар болатын сұйытылған табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, 2026 жылдан бастап жыл сайын 4 млрд текше метр газ импортталады.