Трамп пен Ким Чен Ын Вьетнамда кездесетін болды

785

АҚШ президенті мен Солтүстік Корея басшысының алғашқы кездесуі былтыр 12 маусымда Сингапурде өткен болатын. 

Трамп пен Ким Чен Ын Вьетнамда кездесетін болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен ақпанның 27-28-і күні Вьетнамда кездесетін болды. Бұл туралы Ақ үй қожайыны Конгресте жасаған жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Бірақ басқосуда қандай мәселелер талқыланатыны әзірге белгісіз.

Сарапшы тараптар осыған дейін қол қойылған келісімнің жүзеге асырылуын, Кореяның ядролық әлеуетін тексеру мен санкцияларды азайтуды қарауы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, АҚШ президенті мен Солтүстік Корея басшысының алғашқы кездесуі былтыр 12 маусымда Сингапурде өткен болатын. Онда Пхеньян ядролық қарудан бас тартуға, ал АҚШ бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне кепіл беруге келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу