Трамп пен Путин алғаш рет телефон арқылы әңгімелесті

1010

Трамп пен Путин алғаш рет телефон арқылы әңгімелесті

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Ресеймен ұзақ жылдар жақсы қарым-қатынаста болатынынан үмітті екендігін мәлім етті. Жаңа сайланған президент командасының арнайы сайтында Трамптың бұл мәлімдемесі Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы болған әңгімесі барысында айтылғандығын жария етілген.

"АҚШ президенті Ресей басшысы Путинге Ресеймен және Ресей халқымен ұзақ жылдар бойы жақсы қарым-қатынаста болудан үміт екендігін айтты", – делінген АҚШ-тың жаңа басшысының командасының хабарламасында.

Онда сонымен қатар Путин мен Трамптың АҚШ пен Ресей бетпе-бет келіп отырған қауіп-қатерлер, стратегиялық және экономикалық мәселелер, 200 жылдан асатын АҚШ пен Ресейдің арасындағы қарым-қатынас тарихы сөз болғандығы айтылған. 14 қараша күні РФ президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефонмен болған әңгіме барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселесін сөз етті. Тараптар екі елдің арасындағы қатынастың мүлдем өте нашар екендігіне көңілдері толмайтындықтарын білдірді. Тараптар сонымен қатар, халықаралық терроризм және экстремизммен күресте күш бірікіру қажеттігін сөз еткен. Бұл туралы  lenta.ru ақпаратына сүйеніп "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу