Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

248

Екі ел басшыларының әңгімесі 1,5 сағатқа созылған. 

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Фото: Риа Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақ үй басшысы Social Truth-да жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Трамп Путинмен ұзақ әрі өте нәтижелі сөйлескенін айтты. Сөзінше, ресейлік әріптесімен Украинадағы жағдайды реттеу, Таяу Шығыс, энергетика, жасанды интеллект, доллар және басқа да мәселелерді талқылаған. 

"Біз бірлесіп жұмыс істеуге келістік. Сондай-ақ командаларымыз келіссөздерді дереу бастайды деген келісімге келдік. Украина президенті Зеленскийге қоңырау шалып, оған әңгіме туралы хабарлаудан бастаймыз. Мен оны дәл қазір жасаймын", - деді Трамп. 

Ол келіссөздер сәтті өтетініне сенім білдірді.

Кремль Путин мен Трамптың жеке кездесуді ұйымдастыруға келіскенін растады. Владимир Путин Дональд Трампты Мәскеуге шақырған көрінеді. 

"Путин мен Трамп жеке байланыстарды жалғастыруға, соның ішінде жеке кездесуді ұйымдастыруға уағдаласты", - деді Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу