Жаңадан сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы әңгіме барысында Бейжіңмен берік ынтымақтастыққа сенетінін айтты, делінген Трамп штабының хабарламасында. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.
"Көшбасшылар өзара сыйластық танытты, Трамп екі көшбасшы арасында екі елдің дамуы үшін барынша мықты қатынас орнайтынына сенетінін хабарлады", делінеді хабарламада. Қытайлық БАҚ ақпаратына сәйкес, Си Цзиньпин әңгімелесу барысында ҚХР мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық екі ел үшін сенімді таңдау болатынын айтты.
Қытайлық CCTV телеарнасы хабарлағандай, ҚХР басшысы елдер өзара ынтымақтастықтың барлық саласын кеңейтіп, қатынастардың одан әрі жақсаруы үшін бәрін жасайтынын атап өтті. Сондай-ақ көшбасшылар таяуда одан әрі ынтымақтастықты талқылау үшін кездесеуге уағдаласты.
Айта кетейік, Дональд Трамп сайлауалды науқан барысында Қытайдың АҚШ-қа қарсы сауда саясатын сынға алған болатын.