Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі желтоқсанда өтеді

773

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. 

Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі желтоқсанда өтеді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин сауда келісімінің бірқатар бөлігіне желтоқсанға дейін қол қоймайды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Басылымның дерегіне сүйенсек, кездесу ұйымдастырылғанның өзінде Құрама Штаттарда ұйымдастырылмайтыны белгілі болды. 
Айта кетейік, қазір қос тарап сауда шиеленісін реттеуге барын салуда. Өйткені Вашингтон мен Бейжің бір-бірінің тауарларына салық салып, санкция жариялаған еді. Бұл сауда соғысы тек екі алпауыттың ғана емес, әлемдік экономиканың өсіміне де кері әсерін тигізіп отыр. 

Осы орайда тараптар Чилидегі халықаралық саммитте кездеспек болған, бірақ ел астанасы Сантьяго қаласындағы ереуілдерге байланысты саммит кейінге шегерілді. 

Бірқатар басылым Трамп пен Си Цзиньпин Азия немесе Еуропа елінде кездесуі мүмкін деп хабарлап жатыр.

"Келіссөздер жүріп жатыр, келісімнің бірінші кезеңі бойынша шешімге келдік. Ал қос президенттің қай жерде кездесетінін алдағы уақытта жариялаймыз", - деді Ақ үй өкілі Джадд Дир. 

Айта кетейік, екі президенттің басқосуы желтоқсанда өтеді деп жарияланғаннан кейін, АҚШ-тың қор индекстерінің бағасы түсіп кетті. 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу