Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

401

Бұл туралы Ақ үй аппараты басшысының орынбасары Дэн Скавино мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті Фото: Газета.Ру

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы тілдесті. 

— Дәл қазір Трамп Сопақ кабинетте Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп жатыр, — деп жазды Скавино X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған еді. Олардың әңгімесінде Украинадағы жағдай талқыланып, энергетикалық және инфрақұрылымдық нысандарға шабуылдарды тоқтату мәселесі көтерілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу