Трамп пікірі маңызды деп саналатын Техас штатында жеңіске жетті

1276

Соңғы 40 жылда президент болған республикашылдардың барлығы осы штатта қарсыластарынан басым түскен еді.

Трамп пікірі маңызды деп саналатын Техас штатында жеңіске жетті

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп қарсыласы Джозеф Байденнен Техас штатында дауыс саны бойынша басым түсті. Осылайша Ақ үй басшысы сайлаушылардың 38 дауысына (electoral vote) ие болды. 

Бұған дейін Байден осы штатта алда келе жатқан еді, бірақ Трамп ақыры соңында оны басып озды. Ескере кететін жайт, соңғы 40 жылда президент болған республикашылдардың барлығы осы штатта қарсыластарынан басым түскен еді. Негізі Техастың пікірі президенттік сайлауда маңызды болып саналады.

NBC News дерегіне сүйенсек, бұл штатта дауыс берген ер адамдардың 56%-ы, ақ нәсілділердің 65%-ы, қара нәсілділердің 10%-ы, латындықтардың 40%-ы, әйел адамдардың 47%-ы Трампты қолдап отыр. 

3 қараша – Құрама Штаттарда президент сайланатын күн. Жергілікті халық президентпен қатар вице-президентті, 35 сенаторды, өкілдер палатасының жаңа құрамын, 13 губернаторды, жергілікті билік органдарының өкілдерін де таңдайды. Қазір елдегі ең жоғарғы лауазымға республикашыл Дональд Трамп мен демократ Джо Байден таласып жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: businessinsider.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу